присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты

22 маусым 2022 10:14
«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты.
Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол «University Medical Center»  корпоративтік қорын басқарады.

«Юрий Владимирович — Қазақстан Еңбек Ері, ең күрделі, жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларды өз жетекшілігімен жүзеге асырып жүрген әлемге әйгілі кардиохирург. Бұл қызмет күн сайынғы тынымсыз еңбекті және жоғары талаптарға сай тәжірибені талап етеді. Юрий Владимирович көп уақытын білікті мамандарды даярлау мақсатына бағыттайды. Қордың Қамқоршылық кеңесін басқара отырып, Юрий Владимирович Қордың институционалдық қалыптасуының бастапқы, жауапты кезеңінде, оның ішінде Қордың миссиясын, оның стратегиялық бағыттарын айқындауда елеулі үлес қосты. Қамқоршылық кеңес құрамында қала отырып, Юрий Владимирович стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда  Қорға қолдау көрсетуді жалғастырады», - делінген Қордың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру