Қазақстан мен Ливия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесті
Ливия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливия Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Наджла Мухаммед Аль-Мангушпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды .
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
«Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ және АҚИҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты», - делінген ведомство хабарламасында.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ