Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
"Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді", - делінген хабарламада.
СІМ мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірілген.
"Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген СІМ хабарламасында.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ