Қазақстанда бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмысы қалай жүріп жатыр
Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен жыл басынан бері 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды.
Былтыр 430 мың га қайтарылған болатын. Жыл соңына дейін тағы 5 млн га жерді қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Президенттің тапсырмасымен пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды.
Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр:
барлық облыста құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып, ведомствоаралық топтар құрылды;
7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты "жаппай қауіп" аясында тексеріс жүргізуді көздейтін ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды;
1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді;
680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр.
2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеріс тіркелді.
Кейін мемлекетке қайтарылған жерлерді әкімдіктер аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін бөледі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ