Қазақстанға жыл басынан бері 10 мыңнан астам ресейлік келді
Қазақстанға уақытша тұруға рұқсат алған шетелдіктер саны 8,6%-ға өсті. Бұл туралы LS басылымы хабарлады.
Аталмыш басылымға ІІМ тарапы берген ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында 40,3 мың шетелдік азамат (2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында 37,1 мың шетелдік азамат) рұқсат алған.
Оның 10,3 мыңы – Ресей азаматтары. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артық.
Наурыз айындағы мәліметтер әзірге жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбас жерінде әскери операция бастауға бұйрық берген. Содан бері әлем елдері Ресейге санкциялар салып келеді. Соның салдарынан көрші елде рубль валютасының күрт құнсыздануы болды, тиісінше бұл теңгеге де әсер етті. Мәселен, Қазақстанның ұлттық валютасы 2022 жылдың басынан бері 77 теңгеге әлсіреді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ