присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның халықаралық резервтері 86 млрд АҚШ долларын құрады

30 мамыр 2022 15:35
Қазақстанның халықаралық резервтері 86 млрд АҚШ долларын құрады

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы сәуірде 33,4 млрд АҚШ долларын құрап, 0,8%-ға өсті.

Ұлттық банк атап өткендей, алтынның портфелі ұлғаюы және Қаржы министрлігінің Ұлттық банктегі шоттарына қаражат түсуі есебінен алтынвалюта резервтері өсті.

«Алтын портфелі басым құқықты іске асыру шеңберінде алтынды сатып алуға байланысты 200 млн доллардан астам өсті. ЕДБ-ның Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарынан қаражат әкетілуінен оң факторлардың әсері ішінара реттелді», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Елдің жалпы халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (52,5 млрд АҚШ доллары) қоса, 2022 жылғы сәуірдің соңында 85,9 млрд АҚШ долларын құрады.

«2022 жылғы сәуірде ақша базасы 7,6%-ға тарылып, 9 968,0 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 9,0%-ға тарылды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7 242,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға (жыл басынан бастап – 4,3%-ға) кеңейді», - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ биылғы сәуірде ақша массасы 28 984,2 млрд теңге болып, 1,8%-ға (жыл басынан бастап – 3,7%-ға) төмендеді, айналыстағы қолма-қол ақша 3 106,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға (жыл басынан бастап 3,6%-ға) өсті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру