присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның ұшақтарына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды

24 ақпан 2022 12:35
Қазақстанның ұшақтарына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды

Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді. Бұл туралы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді», - делінген ИИДМ хабарламасында.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасс жерінде әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру