присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі

14 шілде 2022 16:00
ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компанияларын біріктіруді тапсырды.

Президент автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жеткенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді.

"Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты ол үкіметке "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.
Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады, деді президент.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру