присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«ҚазТемірТранс» АҚ филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды

04 қазан 2022 16:35
«ҚазТемірТранс» АҚ филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды

«ҚазТемірТранс» АҚ Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС-нің директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды. Олар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Таировқа пара беру фактісі бойынша параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру