присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды

24 наурыз 2022 14:03
ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы Taunews.kz  ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді.

«Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады.

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Б. Дембаев және т.б. баяндама жасады.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды», - делінген Үкімет хабарламасында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру