присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Киіктерді жаппай атуға жол берілмейді

06 қазан 2022 15:31
Киіктерді жаппай атуға жол берілмейді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киік санын реттеуге қатысты соңғы шешім қабылданбағанын, бірақ оларды жаппай атуға жол берілмейтінін айтты.

«Киіктерді атуға қатысты шешімді әлі қабылдаған жоқпыз. Өткенде осы айдың соңына дейін шешім қабылдаймыз деп айтқанмын. Алайда қазір нақты бір шешімге келген жоқпыз», - деді Серікқали Брекешев Сенат отырысынан соң.

Министр киіктерді жаппай атуға рұқсат берілмейтінін атап өтті.

Мен киіктерді ату керек деп айтқан жоқпын. Жаппай ату деген шешімнен бас тарттық. Киіктерді жаппай атуға қатысты шешім қабылдамаймыз, - деді ведомсво басшысы.

Сондай-ақ Серікқали Брекешев киіктерді ақылы түрде атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетейік, елімізде 80 мың киікті ату жоспарланған еді. Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің шешімін сынға алған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру