Мемлекет басшысы: Қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы кезінде қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатқанын мәлімдеді.
«Біз арандатушылар қай жерде тұрса да, төлқұжатын жасырса да біздің бірлігімізге, мемлекетіміздің іс жүргізу құқығына нұқсан келтірмеуі керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ және бола да алмайды. Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», - дейді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, этномедиация бойынша оқу орталығын құру, тұрақты жұмыс істейтін оқу курстарын ұйымдастыру қажет екенін, онда аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі оқытылуы тиіс екенін айтты.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, Білім және ғылым министрлігіне Мемлекеттік басқару академиясымен, Ассамблея хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, осы мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Президент.
Мемлекет басшысы өз сөзінде референдум өткізу туралы ұсыныс білдірді.
«Бұл ең маңызды демократиялық институт, бірақ Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілді», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ