Мемлекет Маңғыстаудағы игерілмеген 303 мың га жерді қайтарып алды
Маңғыстау облысында былтыр игерілмеген 303 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның дені фермерлердің ауыл шаруашылығы мақсатында алып, пайдаланбай отырған жерлер. Былтыр шарасыз отырған 445 шаруаға ескерту берілген, деп хабарлайды "Хабар24"
Осыдан 2 жыл бұрын бос жатқан алқаптарды анықтау үшін еліміздегі 4 облысқа ғарыштан мониторинг жасау жобасы іске қосылған еді. Соның нәтижесінде Маңғыстауда 2 миллион гектардан астам жердің кәдеге аспай жатқаны белгілі болған. Ал кейбір шаруалар жердің бос жатқанына қарамастан, кері қайтаруға қарсылық білдірген. Себебі, өңірде қуаңшылық болып, шөп азайған. Сондықтан шаруалар пайдаланылмаған аумақты мал жаю үшін ұстап отырған көрінеді. Облыстық жер қатынастары басқармасының өкілдері осыны ескеріп, ауыл шаруашылығы министріне ұсыныс жіберген.
"Бізге мал үшін жер көбірек керек болады басқа облыстардан, ол үшін Маңғыстау облысы не шөлейт аймақтар үшін басқа коэфицент қолдансын деген мағынада жазып жатырмыз. Жалпы, ауыл шаруашылығына табысталған 3 млн гектардай. Қарақия ауданы негізінен көлемді жер қайтарды, Маңғыстау ауданынан 12 шаруашылық бар, 154 мың гектардай, Бейнеу ауданында ірі көлемдегі шаруашылық жоқ, 45 мың, 10 мың гектар қайтарылып жатыр. 1 жыл пайдаланбағаны жөнінде анықталса, ескерту беріледі, 2400 шаруашылық бар, қалған 1800-не ескерту беру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр", – деді облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ