присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Министр ет бағасына қатысты пікір білдірді

23 тамыз 2022 15:00
Министр ет бағасына қатысты пікір білдірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

"Мал басы өсіп жатыр. Шетелге экспорттау көлемі де артып келеді. Сондықтан жағдай тұрақты. Жанар-жағармайдан бастап, барлық қажетті заттардың бағасы өскеніне байланысты ет бағасы да біршама көтерілуі мүмкін", - деп жауап берді Қарашүкеев.

Министрдің айтуынша, мал шаруашылығының рентабельділік деңгейі біркелкі сақталуы керек.

"Егер олар шығынға ұшыраса, ертең ет бағасы да, көлемі де болмайды. Бағаны болжау қиын. Бағаны болжаған кезде біз бірнеше факторларды ескеруіміз керек. Бірінші фактор, мал басы. Мал басы тұрақты өс3п жатыр. Екінші мәселе-қаржыландыру", - деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру