Министрлік қоғамдық орындарда түкіргендерді жазалауды ұсынды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде журналистер министрден заң деңгейінде қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салынуы туралы сұрады.
"Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды қолдаймын, толықтай қолдаймын. Бұл мәдениет, ол гигиенаға жат, бұл әдепсіздік. Сондықтан мен бұл ұсынысты қолдаймын. Мұндай бастаманы бәріміз бірге депутаттарға ұсынуымыз керек шығар", - деді денсаулық сақтау министрі.
Биылғы күзде жаңа саяси маусымда министрлік тиісті ұсыныс жасай ма деген нақтылау сауалына Ажар Ғиният бұл ұсыныс ведомствода қаралатынын айтты.
"Бұл ұсыныс жайын талқылауға болады. Кез келген тыйым салынғаннан кейін жаза болады. Әрине, мұны қоғаммен талқылау керек", - деп түйіндеді ол.
Қазір Қазақстанда қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін салынатын айыппұл 15 АЕК-ті (45 945 теңге) құрайды.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған темекі шегу 25 АЕК (75 900 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ