Мәжілістегі ауыс-түйістер: екі депутаттың өкілеттігі тоқтатылды
Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен AMANAT партиясының тізімі бойынша Аманжол Дүйсенайұлы Әлтай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Taunews.kz.
Конституцияға сәйкес Парламенттің жаңа депутаты Қазақстан халқына адал қызмет етуге мінберде ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді Аманжол Әлтай.
Сонымен қатар, Аманжол Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Файзолла Қаменов пен Сергей Решетников міндеттерін атқарудан босату туралы өз еріктерімен өтініш бергендіктен, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ