присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезі өтетін болды

18 ақпан 2022 11:16
Наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс Съезі өтетін болды

Биыл 1 наурыз күні Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі өтетін болды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды», - делінген А.Ораловтың мәлімдемесінде.

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

Еске салайық, Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі биыл 28 қаңтарда өткен болатын. Онда ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру