Nur Otan партиясы кезектен тыс съезге дайындалып жатыр
Nur Otan партиясы кезектен тыс съезге дайындықты бастап кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
Ол Елбасы құрған Nur Otan партиясы елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығына бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыруы керек екенін атап өтті.
"Қазіргі таңда біз алда болатын кезектен тыс Съезд жұмысына дайындықты бастап кеттік", - деді Байбек бейнебайланыс режимінде партияның өңірлік филиалдарымен өткен жиналыста.
Ол қаңтардың қасіретті күндерінде Назарбаевтың баршаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңайына топтасып, елдің амандығы мен бірлігін сақтап қалу үшін бірге әрекет етуге үндегенін еске салды.
"Кім не десе де, Nur Otan партиясы – президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. Партиямыз мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін – қоғамдық ұйымдарды, депутаттық фракцияларды, түрлі қызметте жүрген 800 мыңға тарта барлық мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыруға дайын",– деп түйіндеді Байбек.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ