«Nur Otan» партиясының атауы «AMANAT» болып өзгереді
«Nur Otan» партиясының атауын «AMANAT» етіп өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII Съезінде Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Taunews.kz
«Ашығын айтқанда, елмен бірге партиямыз да жаңаруы керек, ұйымның жұмысын жаңа бағыттармен толықтырып, тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуіміз керек. Осы орайда партиямыздың атауы өзгеріп, жаңаруы керек деп есептейміз. Мұндай өзгерістердің қажет екенін өңірлерге барғанда кездесулер кезінде байқадық. Бұл мәселе алдын ала жан-жақты талқыланды, бірқатар ұсыныс айтылды. Партияға «AMANAT» деген атау лайық деген тоқтамға келдік. Осы елді, осы жерді бабаларымыз бізге аманат етіп тапсырды, енді біз оны келер ұрпаққа лайықты аманаттауға тиіспіз», - деді Ерлан Қошанов.
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның атын өзгерту туралы ұсынысты қолдап, бұған дейін жұмыс істеген белсенділердің еңбегін ұмытпауға шақырды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ