присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент Тоқаев Шәмшә Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

08 сәуір 2022 16:07
Президент Тоқаев Шәмшә Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды  Ақорда баспасөз қызметі.

"Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын қатардағы ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында мемлекеттік қызметтің сан түрлі саласында абыроймен еңбек етті. Министр кезінде білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруда мол үлес қосты. Депутат болған тұста отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректорлық қызметін атқарған жылдары талай шәкірт тәрбиелеп, дарынды мамандарға бағдар көрсете білді", - деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Президент кең пейілімен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Шәмшә Көпбайқызының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру