присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент және Парламент сайлауларына 45 млрд теңге жұмсалады

08 қыркүйек 2022 15:30
Президент және Парламент сайлауларына 45 млрд теңге жұмсалады

2024 жылғы президенттік сайлауға жұмсалу тиіс қаржы биыл игерілетін болды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, екі сайлауға да қаржы Үкімет резервінен бөлінеді және жалпы алғанда, 45 млрд теңге жұмсалады.

«Қазір Орталық сайлау комиссиясы сайлауға кететін шығынды есептеп жатыр. Президент сайлауына кететін шығын шамамен 20 миллиард теңгені құрайды. Шығындардың неліктен өсіп жатқанына келсек, біріншіден, ең төменгі жалақы өсіп отыр. Сайлауға байланысты барлық шығынның 90%-ға жуығы – сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысса, биыл қатысатындар саны 70 мыңнан асады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны есептеу арқылы жүргізіледі», - деді Татьяна Савельева.

Ол сондай-ақ Парламент сайлауына да осыншама шығын қарастырылғанын айтты.

« 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өсетінін ескергенде, 25 млрд теңгені құрайтын болады», - деді Т. Савельева.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру