Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн болып есептелсін", - деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.
Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол прокурор ұсынған жаза түрі және мөлшерімен келісетінін мәлімдеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ