присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ресейлік 12 азамат қазақстандықтармен некеге тұрған

04 қазан 2022 14:15
Ресейлік 12 азамат қазақстандықтармен некеге тұрған

Елімізге ресейліктердің ақша төлеп, Қазақстан азаматымен жалған некеге тұрғысы келетіні жиі айтылып жүр. Алайда заңгерлер өтірік отау құру арқылы азаматтыққа қол жеткізу мүмкін еместігін айтады. Яғни еліміздің резиденті атану үшін кем дегенде 3 жыл некеде болу керек.

Келе салып, екеуі неке қия салып, келесі күні азаматтық алу деген – біздің заңнамаға қайшы. Ерлі-зайыптылар неке қиған күннен бастап 3 жыл уақыт өткеннен кейін шетел азаматы азаматтық алуға немесе тұруға ықтиярхат алуға Көші-қон полициясы басқармасына барып арыз жаза алады. Егер осында туған-туысы болса, шетел азаматына заңды түрде неке қиюдың қажеті жоқ, - деді заңгер Ғабит Өмірбеков, КТК телеарнасына берген жауабында.

Бұл ретте өзге мемлекеттен келген азаматтардан ең алдымен нотариалды куәландырылған құжаты сұралады. Сондай-ақ өз елінің консулдығынан берілетін некеге құқық қабылеттілігі туралы қағазы болуы шарт.

Мәселен, некеге тұрған 12 азаматтың зайыбы және күйеуі ресейлік болды. Ресей азаматына некеге құқық қабылеттілігі туралы анықтаманы азаматтығы бар мемлекет, яғни Ресей Федерациясы беруге тиіс. Сол жерде некеде еместігі, Қазақстан Республикасының азаматымен отбасын құруға еш кедергі жоқ екені көрсетіледі, - дейді АХАЖ бөлімінің басшысы Венера Галиева.

Әлеуметтік желіде тараған некеге қатысты видеоға байланысты жақында журналист Әсемгүл Қасенова тәжірибе жасап көріпті. Оның айтуынша, шынымен де танысу сайтында Ресейден келген азаматтар қаптап жүр екен.

Ол жерде көбісі – 20-30 жас аралығындағы жігіттер. Олардың жергілікті тұрғын емес екенін бірден аңғаруға болады. Парақшаларына «Жақында ғана келдім. Қаланы көрсетесің бе?» деп жазған. Тұрғылықты жері ретінде Мәскеу, Петербургті көрсетіпті. Көбісі бір аптаға келген. Қалғаны тіпті қанша уақытқа қалатынын өзі де білмейді, - дейді әріптесіміз.

Олар уақытша пәтер жалдап тұрып жатыр екен. Әдеттегідей Ресей азаматтары да алдымен әңгімені арыдан бастап, жай араласуды ұсынады екен. Еліміздің Ішкі істер министрлігі болса, Ресейден келгендердің барлығы Қазақстанда қалып жатқан жоқ деп отыр.

«Елімізге ресейліктердің көптеп келгені жасырын емес. Олардың біршамасы Қазақстанды транзит мемлекет ретінде пайдаланады. Яғни виза талап етілмейтін біздің ел арқылы өзге мемлекеттерге ұшып кетіп жатыр. Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстанға өткендер бар», - дейді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру