Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты
Сенат депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босатты.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.
"Сенат комитеті Парламент Сенатына Жоғарғы сот судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызы отставкаға кетуіне байланысты және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына сай оны қызметінен босатуды ұсынды", - делінген хабарламада.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ