присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Шымкентте дін атын жамылған адамнан есірткі тәркіленді

13 қыркүйек 2023 14:49
Шымкентте дін атын жамылған адамнан есірткі тәркіленді

Шымкентте дін атын жамылған жат ағым өкілінен есірткі тәркіленді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі таратумен айналысатын діни ағымдағы ер адамды ұстаған.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірді. Күдіктіні ұстағанда одан есірткінің иісіне ұқсас зат салынған полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың марихуана екенін растады.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау»), ал 2020 жылы 346-бабы («Көлік жүргізу құқығынан айырылған және мас болып автокөлік жүргізген») бойынша сотталған.

Қазір ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру