Таразда бала саудасымен айналысты деген күдікпен дәрігерлер ұсталды
Тараз қаласында жаңа туған сәбилерді сатумен айналысуы мүмкін деген күдікке ілінген медицина қызметкерлері қамауға алынды.
Жамбыл облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Тараз қаласының прокуратурасы дүниеге жаңа келген нәрестелерді саудаға салудың алдын алып, екі медицина қызметкерін ұстады. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Осыған байланысты 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 28-бабына сәйкес, ұсталған адамдар қамауға алынды. Қылмыстық іс қала прокуратурасының қадағалауында, – делінген прокуратураның хабарламасында.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ