присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Қырғызстанға барады

18 шілде 2022 12:03
Тоқаев Қырғызстанға барады

Орталық Азия елдерінің президенттері Қырғызстанда жиналады.
20-21 шілде күндері Шолпан-Ата қаласында төртінші консультативтік кеңес өтеді, деп хабарлады осы елдің сыртқы істер министрлігі.
Кеңесте аймақтық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ, сын-қателерге қарсы бірлескен шаралар талқыға салынады. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақстатында өзара ынтымақтастықты кеңейту жайы да сөз болады.

Жиын барысында Орталық Азия елдері арасында достық, тату көршілік мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірқатар құжаттар рәсімделеді. Бұдан бөлек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың әрбір елдің басшысымен жеке кездеседі деген жоспар бар.
Айта кетері, былтыр Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі Түрікместанда ұйымдастырылған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру