присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

31 наурыз 2022 11:30
Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

Алдағы күндері қарқынды қар еру және сең жүруі салдарынан 157 елді мекенде су басу қаупі төнуі мүмкін.

 

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысындағы Есіл (Сергеев су қоймасына дейін) өзенінде, Ақтөбе облысындағы Ілек, Қарағанды облысындағы Нұра, Батыс Қазақстан облысындағы Чижа-2, Деркөл, Шаған, Қостанай облысындағы Тобыл және Аят өзендерінің бассейнінде су қоры көлемі артқанын мәлімдеді.

«Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында температура жоғарылайды, сонымен қатар Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлердің тау бөктері аудандарында көлбеу ағын мен тау өзендері бойынша су тасқыны қалыптасады деп күтілуде, сондай-ақ қар көшкініне себеп болуы мүмкін», - дейді  Юрий Ильин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда орталық және солтүстік облыстардағы су қоймалары 60-70%-дан астам толтырылған.

Айта кетерлігі, 2022 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша елді мекендердегі тұрғын үйлерді су басу тіркелген жоқ, сонымен қатар 28 наурызда жауын-шашын мен іргетастың шайылуына байланысты БҚО Қаратөбе ауданы, Шалғын ауылы, Шалғын көшесі, 24-үйде мектептің ішкі қабырғасы қирады (нысан басшысының әрекетсіздігінен). Бұдан басқа 29 наурызда Алматы қаласында қарқынды жаңбыр мен екпінді желдің салдарынан 27 м/с дейін тұрғын үйдің жертөлесін су басты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру