Екібастұзда 29 ерекше бала көмексіз қалуы мүмкін
Екібастұздағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарыжұмысын тоқтатқан "Әлем" оңалту орталығын сақтап қалуға көмек сұрайды.
Айтуларынша, мекеме жетекшісі Шаттық Сүйінішева 22 жыл бойы орталықтың жұмыс істеуіне өз қаражатын салып келген. Одан бөлек орталыққа көмек ретінде жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінген.
Осы уақыт аралығында мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі бала оңалтудан өтіп, қоғамның толыққанды мүшесіне айналды. Алайда қазіргі уақытта қаржы жетіспеушілігінен орталық 1 тамыздан бастап өз жұмысын тоқтатты.
"Осы себептен 29 бала оңалтудан өте алмай қалды. Президент биылғы жылды балалар жылы деп жариялады. Сондықтан біз жергілікті билік өкілдерін және осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын жандардан көмек сұраймыз", – деп жазды ата-аналар әлеуметтік желіде.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ