присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елорда әкімдігі ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты түсінік берді

11 сәуір 2022 10:33
Елорда әкімдігі ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан әкімдігі ботаникалық бақта қырылған балыққа қатысты түсінік берді. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан ботаникалық бағындағы су қоймасында қырылған балықтың суреттері тараған болатын. Осы жайтқа қатсты қала тұрғындары әкімдіктің шара қолдануын талап етті. Алайда қалалық әкімдік өкілдері ботаникалық бақтағы тоғанның қолдан жасалғанын және тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқаратынын айтты.

«Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, ол жерден тоғанға су келеді. Резервуардың тереңдігі - 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені ол балықтың өмір сүруіне арналмаған» деп хабарлады әкімдік.

Жергілікті билік өкілдері күн жылынған соң аудан су қоймасын тазарту жұмыстары жүргізілетінін айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру