присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

17 ақпан 2022 12:41
Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Осы жылдың басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 1 820 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нур-Султан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 12%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 47,1%-ы жалпы орта білімді және 1,1%-ының білімі жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру