Президент Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады.
Президент 2023 жылдың 31 мамырында да Алматыға барған еді. Ол кезде мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
30 қараша 2020 12:43
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ