присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ФИФА Ресей құрамасына қосымша санкция салды

01 наурыз 2022 09:03
ФИФА Ресей құрамасына қосымша санкция салды

Ресейдің футболдан ұлттық құрамасы енді «РФС» деген атаумен, өз туынсыз және әнұранысыз ойнайтын болады. Бұл туралы Taunews.kz sport24.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

ФИФА-ның мәліметі бойынша Ресей аумағында халықаралық матчтар өткізілмейді. Ал Ресей құрамасының өз алаңында өтуі тиіс матчтар бейтарап стадионда, жанкүйерсіз ұйымдастырылады.

ФИФА сол сияқты Халықаралық Олимпиада комитетімен, УЕФА-мен және өзге де спорт ұйымдарымен қосымша санкциялар салу мәселесін пысықтап жатқанын хабарлады. Украинамен арадағы жағдай тұрақтанбайынша Ресей құрамасы халықаралық деңгейдегі турнирлерге тіпті қатыстырылмауы да мүмкін.

Сонымен қатар ФИФА Польша, Чехия, Швеция елдерінің футбол қауымдастықтары Ресей құрамасымен кездескісі келмейтінін де назарға алды.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтуі тиіс Чемпиондар лигасының финалы Парижге ауыстырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру