присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертуді мақұлдады

02 маусым 2022 09:40
БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертуді мақұлдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның халықаралық атауын өзгерту туралы өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды Habertürk басылымы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлудан Бас хатшы Антониу Гутерришке Түркияның шет тілдердегі атауын Turkiye деп өзгертуді талап ететін хат алғандарын айтты.

Дюжаррик ел атауын өзгерту хатты алған сәттен бастап күшіне енетінін айтты.

"Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен елдің беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде Türkiye деп тіркейміз. Тек жақсылыққа бастасын!", - деп жазды Чавушоғлу.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру