Ливиядағы су тасқыны мыңдаған адамды теңізге ағызып жіберген
Ливияның Жерорта теңізі жағалауында болған су тасқынынан мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Табиғи апат 10 қыркүйекте елдің солтүстік-шығысында «Даниэль» циклонының кесірінен болған. Содан кейін қатты жаңбыр жауып, елдің бірнеше қаласын су алып кетті. Дерна қаласы ең ауыр зардап шеккен. Онда екі бөгет бұзылған.
Тасқын мыңдаған адамды теңізге ағызып жіберді. Олар әлі де хабарсыз кеткен деп саналады, – деді елдің шығысындағы үкіметке тағайындалған ішкі істер министрі Эссам Абу Зариб.
Оның айтуынша, мыңнан астам адам табиғи апаттың құрбаны болған.
Өз кезегінде Ливияның шығыс аймағы үкіметінің басшысы Усама Хаммад бір Дерна қаласының өзінде қаза тапқандар саны екі мыңнан асқанын мәлімдеді.
Су тасқыны Дерна қаласын шайып кетті. Адамдар теңізге ағып, мыңдаған адам із-түссіз жоғалды, – деді ол.
Сонымен қатар толассыз жауған жауын да елге орасан зиян келтіріп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды су басып қалды.
Ливия үкіметі елдің шығыс аймақтарында екі күндік коменданттық сағат жариялап, табиғи апаттан зардап шеккен аймақта төтенше жағдай мен ел аумағында үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ