присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

21 қыркүйек 2022 15:20
Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейге жақын елдерге сатылатын әуе билеттері бірнеше сағат ішінде сатылып кетті.

21 қыркүйек күні сағат түскі екідегі жағдай бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтан жақын елдерге ұшатын бағыттарға билеттер өте аз қалған және билет бағасы көтерілген. Кейбір бағыттар бойынша билет бағасы теңгеге шаққанда бір миллионға дейін жетті.

Мәселен, Мәскеу-Алматы бағыты бойынша 21 қыркүйекке билет қалмаған. 22 қыркүйекке 2 билет қалған, бағасы 540 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, бүгін Мәскеу-Астана бағытында да билет қалған жоқ. Ал 22 қыркүйек күні түрлі әуекомпаниялар бойынша алты билет сатылымда. Бағасы 544 мың теңгеден басталып, 6 миллионға дейін жетеді.

Мәскеу-Бішкек және Мәскеу-Ташкент бағыттарына да билет мүлде жоқ.

Мәскеу-Тбилиси және Мәскеу-Стамбул бағыттарына да билет табу қиын.

Мұны барлығы мобилизациямен байланыстыруда. Астана уақытымен 12:00-де Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялайтынын айтқан. Путиннің сөзінше, мобилизация бүгін басталады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру