присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандық футболшы армян футбол клубының үздік ойыншысы атанды

30 қараша 2020 09:38
Қазақстандық футболшы армян футбол клубының үздік ойыншысы атанды

«Лори» футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский команданың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Taunews.kz Football.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» - «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған.

81 минут ішінде Тимур қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен. Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды.

Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы: 1. Тимур Рудосельский – 244; 2. Джими Алексис – 240; 3. Нана Антши – 233; 4. Арам Кочарян – 229; 5. Павел Осипов – 208. Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру