20 Қазан 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    1,1 млн теңге: елімізде ең жоғары жалақы ұсынатын салалар анықталды

    10 Ақпан, 2025
    1,1 млн теңге: елімізде ең жоғары жалақы ұсынатын салалар анықталды

    фото pixabay.com

    Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды.

    ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды.

    Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейінқысқарып, екі еседен астам төмендеді.

    Сонымен қатар ұсыныс тарапынан түйіндеме санының өсуін барлық біліктілік топтары көрсетеді, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мың түйіндемені (+338%) көбірек орналастырды, – делінген мәліметте.

    Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.

    Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.

    Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап), авиациядағы инженер (~693 мың теңге) және бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды, ал жүмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге), ұшқыш (~1,1 млн теңге), сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады, – деп қосты ведомство.

    Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғызстандық әнші ұсталды

    Келесі жазба

    IBA: Қазақстандық боксшылар әлемде үздік атанды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 451 теңгеден төмен түсті

    Миына қан құйылды деген қауесеттен кейін Ким Чен Ын киім көрмесіне барды

    Шымкентте автобус жолақысын 100 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

    Колумбияда заңсыз алтын кенішінің опырылуынан 14 адам қаза тапты

    «Балаға дауыс беріңіз»: алаяқтар мессенджердегі сілтемелер арқылы аккаунттарды бұзып жатыр

    Астана әуежайында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы тексеру жүйесі енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 450.69 ₸
    EUR EUR 505.04 ₸
    RUB RUB 5.45 ₸

    © 2025 TauNews