3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Apple мен Samsung қолданушыларына өтемақы төленуі мүмкін

    6 Қазан, 2025
    Apple мен Samsung қолданушыларына өтемақы төленуі мүмкін

    Фото: istockphoto.com

    Ұлыбританияда 2015 пен 2024 жылдар аралығында Apple немесе Samsung смартфонын сатып алған шамамен 30 миллион адамға 17 фунт стерлингтен өтемақы төленуі мүмкін.

    Бұл мәселе Лондондағы Бәсекелестікке қарсы шағымдар жөніндегі трибуналда қарала бастады. Which? тобы Qualcomm компаниясын бәсекеге қарсы әрекеттерге барды деп айыптап отыр.

    Топтың мәлімдеуінше, Qualcomm фирмасы Apple мен Samsung компанияларын смартфондарға арналған негізгі чиптер мен лицензиялар үшін қымбат баға төлеуге мәжбүрлеген, нәтижесінде тұтынушыларға сатылатын құрылғылардың құны да өскен.

    Дүйсенбіде басталған сот процесі Qualcomm-ның нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланған-пайдаланбағанын анықтауға бағытталған. Егер Which? жеңіске жетсе, іс келесі кезеңге өтеді. Онда Qualcomm компаниясынан 480 миллион фунт көлемінде өтемақы өндіру көзделіп отыр. Бұл қаражат шамамен 29 миллион британдық смартфон иесіне бөлінуі тиіс.

    Алайда, екінші кезең бірнеше жылға созылуы мүмкін.

    Which? ұйымының аға заңгері Лиза Уэбб BBC-дің Today бағдарламасына берген сұхбатында:

    «Біз бұл істі 2021 жылы бастадық, ал алғашқы сот процесі тек 2025 жылы басталды. Бұл ұзақ жол болды. Бірақ тұтынушылар үшін басты артықшылық – ештеңе істеудің қажеті жоқ: егер біз жеңсек, сіз өз ақшаңызды аласыз», – дед ол.

    Топтың мәлімдеуінше, өтемақы 2015 жылдың 1 қазанынан 2024 жылдың 9 қаңтарына дейін сатылған Apple және Samsung смартфондарына қатысты. Әр құрылғы үшін орта есеппен 17 фунт стерлинг төленуі мүмкін.

    Qualcomm бұл істің «ешқандай негізі жоқ» екенін бұрыннан айтып келеді.

    Ұқсас іс қазір Канадада да қаралып жатыр. Сонымен қатар, компания бұған дейін Еуропалық Одақ тарапынан бәсекеге қарсы әрекеттер үшін айыппұл арқалаған болатын.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Саясат Нұрбек қақпашы Шерхан Қалмұрзаны ақылы бөлімнен грантқа ауыстырды

    Келесі жазба

    Абай облысында жүк көлігі жол жиегіне аударылып қалды: жүргізушісі инфарктан көз жұмды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews