10 Шілде 2025, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.97 ₸
    EUR EUR 607.3 ₸
    RUB RUB 6.64 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

    11 Наурыз, 2025
    «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

    ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

    ҚМА мәліметінше, ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.

    Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен.

    Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

    Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

    Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып«Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

    2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген, – делінген мәліметте.

    Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні «Asar Baspana» сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.

    Алайда тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген.

    «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген.

    Еске салайық, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді.

    Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген.

    Сонымен қатар, Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды.

    1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған.

    2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ұлттық қордың ақшасы неге тым қарқынды жұмсалып жатыр – Ұлттық банк жауабы

    Келесі жазба

    Бірыңғай уақыт белдеуі: Үкіметте мониторинг қорытындысы баяндалды

    Ұқсас мақалалар

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды
    Жаңалықтар

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды

    9 Шілде, 2025
    Қазақстанда азық-түлікке ақшасы жетпейтін отбасылар саны артып келеді
    Жаңалықтар

    Зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі: министрлік нақты соманы атады

    9 Шілде, 2025
    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін
    Жаңалықтар

    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін

    8 Шілде, 2025
    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды
    Жаңалықтар

    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды

    8 Шілде, 2025
    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады

    8 Шілде, 2025
    АҚШ Қазақстанға 25% баж салығын енгізбек
    Жаңалықтар

    АҚШ Қазақстанға 25% баж салығын енгізбек

    8 Шілде, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұшақта адамды құтқарып қалды

    Зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі: министрлік нақты соманы атады

    Израиль Иранға қайта соғыс бастауы мүмкін

    2025 жылы ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды

    Қазақстанда құстарды тамақтандырғандарға айыппұл салынады

    АҚШ Қазақстанға 25% баж салығын енгізбек

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.97 ₸
    EUR EUR 607.3 ₸
    RUB RUB 6.64 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews