6 Желтоқсан 2025, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 504.49 ₸
    EUR EUR 587.73 ₸
    RUB RUB 6.57 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Асхат Аймағамбетов сүйінші жаңалық айтты

    19 Ақпан, 2025
    Асхат Аймағамбетов сүйінші жаңалық айтты

    Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ

    Ел азаматтары үшін тегін медициналық көмек аясында онкоскринингтік тексерулер қолжетімді болады. Ал Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу институттары резидентура бағдарламалары бойынша оқытуды өз бетінше жүзеге асыру құқығына ие болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгін Мәжілісте қабылданған екі түзетудің қандай артықшылығы бар екенін айтты.

    Бүгін өте маңызды екі түзету қабылданды. Біз оны екі жыл бойы дайындадық. Бірінші түзету – 3,5 млн қазақстандық үшін жақсы жаңалық болып отыр. Бүгінде әлеуметтік сақтандыруы болмағандықтан медициналық қызмет ала алмай жүрген 3,5 млн азамат бар. Олардың бұған дейін онкологиялық скринингтерден өтуге құқығы жоқ. Оларды ешкім скринингтен өткізбегендіктен қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау мүмкін емес. Үшінші, төртінші деңгейде анықтаған соң емдеу үлкен нәтиже бермейді. Жаман аурудың ерекшелігі – ол ауруды анықтау өте қиын. Скрининг болмаса оны симптомдары пайда болғанда ушығып кетеді. Енді 3,5 млн МӘМС-пен қамтылмаған азаматтар ақысыз онкология бойынша скринингтен өтуге мүмкіндік алады. Бұл – өте үлкен жеңіс. Депутаттардың бастамасымен Үкімет мәмілеге келді, – дейді депутат.

    Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, медицина саласындағы ғалымдарды даярлау ісі жүйелі қолға алынады.

    Екіншісі – медицина саласында ғалымдарды дайындау. Профессор Ақшолақов сияқты ғалымдарымыздың бұған дейін айтып жүргеніндей, ғалымдар тек медицина университеттерінде емес, Ұлттық медициналық ғылыми зерттеу институттарында дайындауымыз керек. Мысалы, кардиохирургия, онкология, травмотология сияқты үлкен ғылыми институттары бар. Енді докторантураны университеттерде емес, жаңа атап өткен ғылыми институттарда ашамыз. Сонда профессорлардың жанында тұрып, операцияға қатысып, әртүрлі технологияны қамтитын болады. Одан кейін депутат Нартай Аралбайұлы көтерген мәселе шешімін тауып, есту қабілеті бұзылған балаларға есту құралдарын мемлекет беретін болады, – деді депутат.

    Таңбалар: Асхат Аймағамбетов
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Перизат Қайратқа қатысты іс наурызда аяқталады

    Келесі жазба

    Қосымша құн салығы артса жалақы қанша теңгеге өседі

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Оралда 10-сынып оқушысы есірткімен ұсталып, 7 жылға сотталып кетті

    Маңғыстауда 20 жастағы жігіт құрылыстағы лифт шахтасына құлап, көз жұмды

    Алматыда жер сілкінісіне байланысты қала әкімдігі үндеу жасады

    Павлодар облысында Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінен қару-жарақ табылды

    Қарағандыда инкассатор көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза болды, бірнеше млн тг өртеніп кетті

    Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағына көзін де емдете алмайтын болды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 504.49 ₸
    EUR EUR 587.73 ₸
    RUB RUB 6.57 ₸

    © 2025 TauNews