18 қарашада да күн ашық болады. Түнде -2…-4, күндіз +2…+4 градус жылы болады. Ал 19 қарашада түнгі температура -5…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0 градус шамасында сақталады.
Алматыда күн жылынады
Алматыда алдағы үш күнде жауын-шашын болжанбайды. 17 қарашада түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус болады. Таңертең тұман түсуі мүмкін.
18 қарашада ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +9…+11 градусқа дейін көтеріледі. Ал 19 қарашада күндіз +11…+13 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте жаңбыр жауады
Шымкентте 17 қарашада жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус жылы болады. Таңертең тұман түсуі ықтимал.
18 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +14…+16 градус болады.
19 қарашада жауын-шашын тоқтап, күн қайта жылынады. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.
USD