Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында әкімдік қызметкері қайтыс болды. 62 жастағы әйел сірке суын ішкеннен кейін ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Белгілі болғандай, әйел 3 қарашада медициналық мекемеге түскен. Ақ халаттылар екі апта бойы оның өмірі үшін күрескен. Алайда науқас көз жұмды.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция оқиға орнынан сірке суы құйылған бөтелкені тәркілеген. Марқұмның аудан әкімдігінде қызмет атқарғаны белгілі болды.
USD