16 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ауыр жарақаттан кейін: Ұлдана Мырзуан ісіндегі әйел өмір бойы мүгедек болып қалған

    10 Қыркүйек, 2026
    Ауыр жарақаттан кейін: Ұлдана Мырзуан ісіндегі әйел өмір бойы мүгедек болып қалған

    Фото: скриншот

    Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесінде тағы бір жәбірленушінің денсаулығына келген ауыр зиян туралы айтылды. Сотта Айнұр Нұрпейісованың медициналық сараптама қорытындысы жарияланды.

    Құжатты жәбірленуші тараптың адвокаты Жадыра Құрымбаева сот отырысында оқып берді.

    Сараптама материалдарына сәйкес, Нұрпейісованың бас сүйегінің оң жақ самай және маңдай тұсында сынықтар болған. Кейбір сүйек бөліктері ішке қарай ығысқан. Жарақат салдарынан бас сүйегінің алдыңғы және ортаңғы аймақтары, сондай-ақ оң жақ самай бөлігі зақымданған.

    Қорғаушының айтуынша, самай сүйегінің сынуы есту жүйкесіне де айтарлықтай зиян келтірген. Сонымен қатар құлақтың дыбысты қабылдайтын құрылымдары бұзылған.

    Медициналық құжаттарда Айнұр Нұрпейісоваға жарақаттан кейінгі IV дәрежелі сенсоневралды кереңдік диагнозы қойылғаны көрсетілген. Соның салдарынан оның оң құлағы есту қабілетін толық жоғалтқан.

    Адвокат бұл жағдайдың қайтымсыз екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, оң құлақтың есту қабілетін хирургиялық жолмен немесе емдеу арқылы қалпына келтіру мүмкін емес. Сонымен қатар сол құлаққа түсетін жүктеменің артуы да оның естуіне кері әсер етуі ықтимал.

    Осы себепті болашақта жәбірленушіге арнайы есту аппараты қажет болуы мүмкін.

    Қорғаушы медициналық қорытындылар істің мән-жайын анықтау үшін маңызды екенін атап өтіп, соттан тиісті мамандарды шақыруды сұрады. Атап айтқанда, Нұрпейісоваға оқиғадан кейін медициналық көмек көрсеткен дәрігер мен нейрохирургтен жауап алуды өтінді.

    Адвокаттың пікірінше, дәрігерлердің түсініктемесі әйелдің алған бас жарақаты мен кейін қалыптасқан есту қабілетінің жоғалуы арасында тікелей байланыс бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

    Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болған. Тұрғын үй қасбетінің бір бөлігі құлап, бірнеше адам зардап шеккен. Оқиға орнына жедел жәрдем фельдшері ретінде барған Ұлдана Мырзуан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан кезде құрылыс бөліктерінің астында қалған. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды.

    Қазір осы іске байланысты тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Сәуле Жұбаниязоваға қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда қатерлі ісікті анықтау жеделдеді: ЖИ диагностика уақытын 3 күнге дейін қысқартты

    Келесі жазба

    16 жастағы қазақстандық гимнаст Гран-приде жүлде жинап, бес медальға қол жеткізді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда реттелетін криптонарық көлемі 30 есе өсті

    Ақтөбеде дінді желеу еткен күдіктілер ұсталды: ауыр қылмысқа дайындалған

    Индонезия жағалауында жолаушылар кемесі аударылды: 129 адам іздестіріліп жатыр

    Қазақстанда ЭКҰ көмегімен 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген

    Құрылтай қоғамдық қабылдауын іске қосты

    Астанада төбелес кезінде қару қолданған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸

    © 2025 TauNews