10 Қыркүйек 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Энрике Иглесиастың концерті: Астанада көлік қозғалысы өзгереді

    1 Қыркүйек, 2026
    Энрике Иглесиастың концерті: Астанада көлік қозғалысы өзгереді

    Фото: Тикетон

    3 қыркүйек күні Астанада әлемге танымал әнші Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Музыкалық кеш сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында басталады.

    Көрермендердің стадионға қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуін қамтамасыз ету және көлік кептелісін азайту мақсатында елорда әкімдігі арена маңындағы бірқатар жолдарда уақытша қозғалыс шектеулерін енгізеді.

    Атап айтқанда, көлік қозғалысына «Алау» мұз сарайы жағынан, яғни Марко Поло көшесі арқылы келетін бағытта және «Сарыарқа» велотрегі тарапынан, Месроп Маштоц көшесі бойында шектеу қойылады.

    Көлікпен келетін тұрғындарға стадионға жақын маңдағы арнайы тұрақтарға көлігін қалдырып, әрі қарай шаттл автобустарды пайдалану ұсынылады.

    Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап төрт тұрақтан «Астана Аренаға» қатынайды. Концерт аяқталған соң көрермендер сол көлікпен бастапқы тұрақтарына қайта жеткізіледі.

    Шаттл бағыттары мына тұрақтардан ұйымдастырылады:

    • Елорда циркі маңындағы тұрақ;
    • «Әзірет Сұлтан» мешіті маңындағы тұрақ;
    • Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені маңындағы тұрақ;
    • «Нұр-Сұлтан» мешіті (Бас мешіт) маңындағы тұрақ.

    Сонымен қатар «Астана Аренаға» LRT арқылы да тікелей жетуге болады.

    Әкімдік концертке келетін тұрғындарға жолға алдын ала шығып, қоғамдық көлік пен шаттл қызметтерін пайдалануды ескертеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Токаев Ерлан Каринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынды

    Келесі жазба

    Қыркүйекте күн жылына ма: синоптиктер Қазақстандағы ауа райын болжады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.89 ₸
    EUR EUR 531.36 ₸
    RUB RUB 5.32 ₸

    © 2025 TauNews