9 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    9 Қыркүйек, 2026
    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Фото: istockphoto.com

    Оралда ер адам танысын бірнеше жерінен пышақтап, өлімге әкелген ауыр жарақат салған. Сот барысында айыпталушы бұл әрекетін өзін қорғау үшін жасағанын айтып, ақталуға тырысқан. Алайда кассациялық сот оның бұл уәжін негізсіз деп таныды.

    «Кассациялық соттар» мәліметінше, бірінші инстанциядағы сот ер адамды кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Кейін апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырған.

    Бұған келіспеген сотталған азамат кассациялық шағым түсіріп, іс бойынша ақтау үкімін шығаруды сұраған. Оның айтуынша, жанжалды марқұм бастаған және алғаш болып пышақпен шабуыл жасаған. Айыпталушы қарсы тараптың қолындағы қаруды тартып алып, содан кейін өзін қорғау мақсатында бірнеше рет пышақ қолдануға мәжбүр болғанын мәлімдеген.

    Алайда кассациялық алқа оның айтқандарын растайтын жеткілікті дәлел болмағанын анықтады.

    Сот материалдарына сәйкес, оқиға кезінде ер адам мас болған. Ол танысына кемінде он рет қасақана пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттардың салдарынан көп қан жоғалтып, көз жұмған.

    Сонымен қатар сот жәбірленушінің оқиға кезінде белсенді қарсылық көрсетпегенін ескерген. Оның денесіндегі жарақаттардың сипаты мен оқиға орнындағы жағдай шабуылды сотталған азаматтың өзі бастағанын көрсеткен.

    Кассациялық сотта іс бойынша сараптама қорытындылары, куәгерлердің жауабы және оқиға орнынан алынған заттай дәлелдер зерттелген. Оқиға орнынан пышақ пен қан іздері табылғаны да іс материалдарында көрсетілген.

    Осы деректерді ескере отырып, кассациялық сот ер адамның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша саралауды заңды деп таныды. Бұған қоса, бес жылдық бас бостандығынан айыру жазасы да негізді деп бағаланды.

    Сот істі қарау барысында заң талаптарының бұзылмағанын атап өтіп, төменгі соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Келесі жазба

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸

    © 2025 TauNews