9 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    9 Қыркүйек, 2026
    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда ата-аналардың балаларының оқу барысына күнделікті қызығушылық таныту деңгейі соңғы жылдары төмендеген. Бұл туралы Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов PISA-2025 зерттеуінің нәтижелеріне сүйене отырып мәлімдеді.

    Зерттеу деректеріне сәйкес, 2022 жылы оқушылардың 68 пайызы ата-анасы аптасына кемінде бір рет мектептегі жағдайын, оқуын сұрайтынын айтқан. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 54 пайызға дейін азайған.

    Мектепте туындайтын мәселелерді ата-анасымен тұрақты түрде талқылайтын оқушылардың үлесі де кеміген. Үш жыл бұрын мұндай балалардың көрсеткіші 61 пайыз болса, 2025 жылы 45 пайызды құраған.

    Аймағамбетовтің айтуынша, ата-аналардың оқу процесіне араласуының төмендеуі тек Қазақстанға тән құбылыс емес. Дегенмен елімізде бұл көрсеткіштің төмендеу қарқынына назар аударуға негіз бар.

    Сонымен қатар зерттеу мектептегі мұғалімдердің оқушыларға көрсететін қолдауы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Қазақстандағы teacher support индексі +0,65 болса, OECD елдеріндегі орташа көрсеткіш +0,03 деңгейінде.

    Оқушылардың 85 пайызы мұғалімдердің олардың оқуына көңіл бөлетінін айтқан. Ал 86 пайызы тақырыпты түсінбеген жағдайда ұстаздың қосымша түсіндіруге дайын екенін атап өткен. Тағы 88 пайызы қажет болған кезде мұғалімнен қосымша көмек алатынын көрсеткен. Бұл көрсеткіштердің барлығы OECD орташа деңгейінен жоғары.

    Депутат осы деректерге сүйене отырып, мектептегі мұғалімдерге түсетін жауапкершіліктің артып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, ұстаздың міндеті тек оқу материалын түсіндірумен шектелмейді. Мұғалімдер оқушыға психологиялық және оқу тұрғысынан қолдау көрсетіп, қиындық туындаған кезде қосымша көмек беруге мәжбүр.

    Алайда Аймағамбетов мектеп отбасының рөлін толығымен алмастыра алмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, баланың оқуындағы нәтижеге мектеп пен ата-ананың бірлескен қолдауы әсер етеді.

    Депутат ата-ананың баланың оқуына күнделікті көңіл бөлуі білім беру процесінің маңызды бөлігі екенін айтып, PISA нәтижелерін бағалағанда мектеппен қатар отбасының да ықпалын ескеру қажет екенін жеткізді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Келесі жазба

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸

    © 2025 TauNews