6 Қыркүйек 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Польша дипломаты Михал Лабенда Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілінде дәріс оқыды

    7 Ақпан, 2025
    Польша дипломаты Михал Лабенда Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілінде дәріс оқыды

     7 ақпанда «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен қызметкерлері Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданы қабылдады. Польша дипломаты «Польшаның Еуропалық Одақ құрамында 20 жылдығы» тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқыды.

    Михал Лабенда 2004 жылдың 1 мамырында Польша Еуропалық Одақтың толыққанды мүшесі болғанын, бұл оқиғаның ел үшін тарихи кезең болғанын атап өтті. Осы 20 жыл ішінде Польша халықаралық аренада өз позицияларын нығайтып, азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартып, маңызды инвестициялар тартты. Дипломаттың айтуынша, Еуропалық қорлар инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бұл елдің және оның астанасы Варшава қаласының келбетінің түбегейлі өзгеруіне әкелді.

    Лекцияның мазмұны мен оның қазақ тілінде өтуі тыңдаушыларда үлкен әсер қалдырды. Михал Лабенда қазақ тілін еркін меңгерген. Дипломат тілдің халықтың мәдениеті мен рухын түсінудің негізі екенін айтады.

    Дипломаттың қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығы кездейсоқ емес. 1999 жылы ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, дипломдық жұмысын «Араб тілінен қазақ тіліне бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің аударма үлгілері» тақырыбында қорғаған.

    Қазақ және туған тілінен бөлек, дипломат азербайжан, ағылшын, араб, неміс, орыс, өзбек және француз тілдерін меңгерген.

    Кездесу соңында Михал Лабенда тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға табыс тіледі. Академияның ректоры Ерлан Әбіл дипломатқа қызықты дәрісі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастыққа үміт білдірді.

     

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қарызға белшесінен батқан азаматтарға көмектесу керек – Тоқаев

    Келесі жазба

    Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль түсті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews