Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 444,88 теңгені құрады. Осылайша, шетел валютасының құны алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,8 теңгеге арзандаған.
Қазақстан Ұлттық банкінің 16 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бір доллар үшін 447,88 теңге деңгейінде.
Айта кетейік, KASE-де доллардың 443-445 теңге аралығында саудалануы соңғы рет 2024 жылдың мамыр айының соңында тіркелген. Қазіргі көрсеткіш осы кезеңнен бері байқалмаған деңгейге жақындады.
Ал айырбастау орындарындағы бағаға келсек, Kurs.kz мәліметінше, Алматыда долларды орта есеппен 444,41 теңгеден сатып алып, 446,4 теңгеден сатуда.
Астанада айырбастау пункттеріндегі орташа сатып алу бағамы 443,02 теңге болса, сату бағамы 450,02 теңгеге жеткен.
Шымкентте АҚШ валютасының орташа сатып алу бағасы 444,7 теңгені, ал сату бағасы 446,74 теңгені құрап отыр.
Айырбастау орындарындағы нақты бағам уақыт пен пунктке қарай өзгеруі мүмкін.
USD