5 Қыркүйек 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда кез келген банк шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит беруі мүмкін

    6 Қазан, 2025
    Қазақстанда кез келген банк шариғат нормаларына сай пайызсыз кредит беруі мүмкін

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда дәстүрлі банктерге қолданыстағы лицензиясы аясында «ислам терезелерін» ашып, шариғат талаптарына сай қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Банктер туралы жаңа заң жобасында осындай нормалар қарастырылған.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, жаңа заңның маңызды бөлігі – исламдық қаржыландыруды дамыту.

    «Дәстүрлі банктерге жеке құрылым құрмай-ақ қолданыстағы лицензия аясында исламдық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін «ислам терезелерінің» икемді моделі енгізіледі. Мұндай операциялардың барлығы бөлек жүргізіледі», – делінген хабарламада.

    Яғни, барлық есеп-қисап бөлек есепке алынады, сонымен қатар міндетті түрде шариғатқа сәйкестігі жөніндегі кеңес құрылады. Осылайша, екінші деңгейлі банк бір жағынан әдеттегі қызметін жалғастыра алады, екінші жағынан исламдық қызмет те ұсына алады.

    Агенттік мұндай модель дамыған ислам нарықтары бар елдерде, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия және Пәкістанда сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.

    «Ол ислам өнімдерін барынша қолжетімді етеді, банктер үшін шығындарды азайтады және этикалық немесе діни бағдарланған өнімдерді құп көретін клиенттер үшін, сол сияқты ислам әлемі елдерінен инвестиция тарту үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады», – дейді ведомство.

    Бұл модель Қазақстанда инклюзивті және әртараптандырылған қаржы жүйесін дамытуға маңызды қадам болады деп санайды агенттік.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде магнитудасы 5,9 баллдық жер сілкінісі болды

    Келесі жазба

    Қазақстанның шығыс өңірлерінде 13 градус аяз болады: синоптиктер болжамы жарияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews